Оқиға • 19 Қазан, 2022

Елордада 16 жастағы қызды көлік қағып кетті

280 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бойжеткенді таңғы сағат 7:49-да жол талғамайтын көлік қағып кеткен, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елордада 16 жастағы қызды көлік қағып кетті

Range Rover автокөлігінің 37 жастағы жүргізушісі Е-32 көшесімен Е-15 көшесінің қиылысындағы жаяу жүргіншілер өткелінде кәмелетке толмаған жаяу жүргіншіні қағып кеткен.

16 жастағы қыз бағдаршам жұмыс істемейтін белгіленген жерде жолдың жүріс бөлігін кесіп өтіп бара жатқан.

Бүгін аталған қиылыстағы бағдаршам дизельді генераторлық құрылғының техникалық ақаулары себебінен тоқтан ажыратылғандығы анықталды. Тексеру барысында ақаулар жойылды және сағат 07:55-те бағдаршам тоққа қосылды. Зардап шеккен бала ауруханаға жатқызылды. Аталған факті бойынша анықтау жүргізіліп жатыр», деп жазылған Polisia.kz таратқан хабарламада.