Қоғам • 19 Қазан, 2022

Қазақстанда жол-көлік оқиғаларының саны 8,9 %-ға артты

354 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бас прокуратураның құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті ұсынған деректерге қарағанда, 2022 жылдың 9 айында елімізде 10,2 мыңға жуық жол апаты орын алды, соның салдарынан 15 мыңнан астам адам зардап шекті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанда жол-көлік оқиғаларының саны 8,9 %-ға артты

Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда жол-көлік оқиғаларының өсуі 8,9%-ды құрады.

Жол апаттарының нәтижесінде 1,7 мың адам қаза тапты, оның ішінде  181-і кәмелетке толмаған балалар, 457-і әйелдер және 1 258-і ер адамдар.

Зардап шеккендер арасындағы кәмелетке толмағандардың үлесі 19,9%-ды құрайды, олар негізінен автокөлік құралдарының соқтығысуынан зардап шеккені анықталды.

Жалпы 532 ЖКО орын алды, онда 70 адам қаза тауып, 783 адам түрлі дене жарақаттарын алған.

Статистикаға сәйкес, жол-көлік оқиғаларының 86,6%-дан астамы жүргізушілердің кінәсінен болды (8 886, 2021 жылы – 7 726), оның ішінде 363-і (414) алкогольдік немесе есірткілік мас күйде болған.

«Жол апатынан зардап шеккендердің ішінде 2 947 адам 30-39 жас аралығында және 2 953 адам 21-29 жас аралығында болған. Сондай-ақ кінәлілердің арасында да көбінесе 30-39 жас аралығындағылар тіркелген - 2 616 адам, 21-29 жас аралығындағы жастар – 2 395 және 60 –тан жоғары жастағы қарттар – 670 адамды құрады», делінген хабарламада.

Жол апаттарының басым бөлігі немесе 7 471 елді мекендерде орын алған, 1 918 халықаралық, республикалық маңызы бар трассаларда, 869 облыстық, аудандық маңызы бар жолдарда тіркелген.

 

«Апаттардың ең көп саны Алматы қаласының жолдарында орын алады – 2 620 жағдай, ал ең жоғары өлім көрсеткіші Алматы облысында анықталды, онда 327 адам қайтыс болды. Елордада 495 ЖКО тіркелді.​ Апаттардың ең аз саны Солтүстік Қазақстан облысында - 221 және Шымкент қаласы - 217 тіркелген», деп делінген ведомство ақпаратында.