Саясат • 20 Қазан, 2022

Әділ өтетініне сенімді

216 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Президент сайлауына аз уақыт қалды. Тұрғындар арасында ма­ңыз­ды науқан жайлы пікірлер көп. Бұл ретте, түрлі қоғамдық ұйым­­дар арнайы сауалдама жүргізіп, халықтың ойын саралап көрді.

Әділ өтетініне сенімді

«Қоғамдық пікір» ғылыми-зерттеу институты жүргізген әлеуметтік сауалдамаға сәйкес, сұрақ-жауапқа қатысқан қазақ­стан­­дықтардың 73,1 пайызы «2022 жыл­дың 20 қарашасында өтетін пре­зидент сайлауына барамын» деп жауап берген. Бір шешімге кел­меген респонденттердің үле­сі 15,9 пайызды құрайды. 9,7 па­йы­зының дауыс беруге ниеті жоқ. Респонденттердің 1,3 пайызы сұ­раққа жауап беруге қиналған.

Ал қатысушылардың 76,1 пайызы сайлаудың әділ өтетініне сенім білдірді. Дәлірек айтсақ, 48,3 пайызы «нақты әділ өтеді» деп жауап берсе, 27,8 пайызы «әділ өтуге тиіс» деген пікір білдірген. Президенттікке кандидаттың бо­йында қандай қасиеттер болуы керек деген сұраққа: «әдептілік, адалдық, жоғары білімділік, қазақстандықтар арасындағы беделі жоғары болуға тиіс» деген жауаптар түскен.

«Қоғамдық пікір» ғылыми-зерттеу институты әлеу­меттану­лық зерттеуді биыл 6-10 қазан аралығында жүргізді. Сауалдамаға 17 облыс пен республикалық маңызы бар қалалардан (Астана, Алматы және Шымкент) 18 жастан асқан 1 200 респондент қатысты. Зерттеуде телефон арқылы сауалдама әдісі қолданылды. Сауалдама Орталық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 30 қыркүйектегі №ОСК-08-18/1179 хабарламасына сәйкес, ОСК-нің ресми рұқсатымен өткізілді.

Инфографиканы жасаған Амангелді Қияс, «ЕQ»

Инфографиканы жасаған Амангелді Қияс, «ЕQ»