«Елдің басым бөлігінде жаңбыр, таулы аймақтарда қар аралас жаңбыр күтіледі. Тек еліміздің батысы мен оңтүстігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады», деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.
Республиканың басым бөлігінде тұман, желдің күшеюі күтіледі, Қазақстан Республикасының оңтүстік-батысында шаңды дауыл тұрады.
Астанада бұлтты, өткінші жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыстан екпіні 15-20 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +3...+5°С, күндіз +8...+10°С.
Алматыда көшпелі бұлт шығады, түнде жаңбыр жауады. Жел екпіні 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде +3...+5°С, күндіз +12...+14°С.
Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Оңтүстік-батыстан 5-10 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +2...+4°С, күндіз +15...+17°С.