24 Мамыр, 2014

Бірқатар кездесулер өткізді

206 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Кеше Қорғаныс министрі Серік Ахметов «KADEX-2014» үшінші халық­аралық қару-жарақ пен әскери-техникалық мүлік көрмесінің шеңберінде іс-шараға қатысушылармен бірқатар кездесулер өткізді. Халықаралық әскери-техникалық интеграцияны бұдан әрі нығайту, білім және кадрлар даярлау салаларындағы бірлескен жобаларды іске асыруда өзара тиімді ынтымақтастықты дамыту мәселелері Түрік Республикасының өкілдері – Ұлттық қорғаныс министрінің орынбаса­ры Кемал Ярдымджи және қорғаныс өнер­­кә­сі­бі комитеті төрағасының орынба­са­ры Седат Гүлдоғанмен кездесуде талқы­ланды. Пәкістанның қорғаныс министрі Танвир Хусейнмен кездесу барысында Қа­зақстанның әскери-техникалық сая­сатын іске асыру, халықаралық серіктестермен өзара тиімді қарым-қаты­насты дамыту үшін «KADEX» көрмесінің маңыздылығы аталып өтті. Қазақстан Республикасы Қарулы Күш­терін қазіргі заманғы қару-жарақ жүйе­лерімен және әскери техникамен қамта­масыз ету жөніндегі жобаларды іске асырудағы өзара іс-қимылдардың әрі қарайғы перспективасы «Боинг» компа­ниясының президенті Джозеф Мак Эндрюмен және «Airbus Defense & Space-Militari Aircraft» компаниясының аға вице-президенті Брижит Флокпен кездесу барысында талқыланды, деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.