Energyprom зерттеуіне қарағанда, 20 қазанда келесі көрсеткіштер келтірілген:
- Қияр - 29,6%-ға;
- Қызанақ-21,8%-ға;
- Пияз - 13,9%-ға;
- Картоп - 13,2%-ға қымбаттады.
Сонымен бірге сәбіз бен ақ қырыққабат арзандады.
Сарапшылардың айтуынша, Алматы облысының тұрғындары бағаның өсуін ерекше сезінді. Жетісу және Атырау облыстарында да көкөніс айтарлықтай қымбаттады. Ал Жамбыл мен Ұлытау облыстарында бағаның төмендеуі байқалды.
2022 жылы көкөністің негізгі түрлері бойынша Қазақстанға импорт экспорттан бірнеше есе асып түсті.
Мәселен, қаңтар-шілде айларының қорытындысы бойынша баклажан импорты экспорттан 67,3 есе, бұрыш - 47,6 есе, қырыққабат - 18,3 есе өсті.