Ауа райы • 20 Қазан, 2022

Бірқатар өңірде дауылды ескерту жарияланды

270 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Синоптиктер Қазақстанның төрт облысында дауылды ескерту жариялады. «Қазгидромет» РМК ақпараты бойынша жауын-шашын, жел және тұман күтіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бірқатар өңірде дауылды ескерту жарияланды

Қызылорда облысының орталығында оңтүстіктен 15-20 м/с жел соғады.

Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жаңбыр жауады. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігі мен батысында тұман болады. Күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с дейін жел соғады.

Түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында тұман күтіледі.

Абай облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында, оңтүстік-батыста 15-20 м/с дейін жел соғып, түнде екпіні 25 м/с дейін жетеді.

Синоптиктердің болжамына қарағанда, 21 қазан күні Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауады. Ал елдің шығысында қатты жаңбыр, қар, көктайғақ болады деп күтілуде. Республиканың оңтүстік-шығысында ғана жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.