Қазақстан • 21 Қазан, 2022

Қазақстан мен Белиз арасында визасыз режим орнайды

282 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Консулдық қызмет департаментінің директоры Бауыржан Ақатаев Белиз Сыртқы істер министрлігінің Халықаралық қатынастар және ынтымақтастық департаментінің директоры Орла Кантун Колманмен алғашқы консулдық консультациялар өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстан мен Белиз арасында визасыз режим орнайды

Тараптар екі елдің дипломатиялық, ресми және қызметтік паспорттарының иелері үшін визалық режимді жеңілдету туралы үкіметаралық келісімге қол қоюға уағдаласты.

О. Кантун Колман екі ел арасындағы қарым-қатынаста таңдалған бағыттың маңыздылығына назар аударды және халықаралық шартты тез арада келісуге бар күшін салуға дайын екенін білдірді.