Қоғам • 21 Қазан, 2022

Алматы әуежайында Power Bank жарылды

269 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы қаласының әуежайында жолаушының телефонды қуаттау құрылғысы (Power Bank) жарылып кеткен, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматы әуежайында Power Bank жарылды

«2022 жылғы 19 қазанда халықаралық рейстердің ұшу залында жолаушыларды тексеру рәсімінен өту кезінде «Эйр Астана» әуекомпаниясының Алматы — Бішкек бағыты бойынша КС 109 рейсімен ұшуға дайындалған жолаушының портативті зарядтағышы жанып кеткен.

Жолаушыларды зарядтау құрылғыларын тасымалдау ережелері туралы хабардар ету мақсатында «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ жолаушыларға авиакомпания ережелерін басшылыққа алуға және қажет болған жағдайда кеңес алуға, сондай-ақ тіркеу рәсімінен өту кезінде авиакомпания мен әуежайлардың қызметкерлерін зарядтау құрылғыларының бар екендігі туралы хабардар етуге қатаң кеңес береді.

Қауіпті жүктерді DOC 9284 ИКАО әуе арқылы қауіпсіз тасымалдау жөніндегі техникалық нұсқаулыққа сәйкес, қосалқы батареялар, соның ішінде қуат көздері қол жүгімен тасымалдануы керек.

Егер литий батареялары жүк ретінде тасымалданатын болса, онда олар ИКАО техникалық нұсқаулығының қолданыстағы редакциясына сәйкес тиісті түрде декларациялануы, таңбалануы және буып-түйілуі тиіс.

«Ұшу қауіпсіздігі әр жолаушының жауапкершілігіне де байланысты», делінген ҚР ИИДМ азаматтық авиация комитетінің Telegram-арнасында.