Ауа райы • 21 Қазан, 2022

Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

153 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Еліміздің басым бөлігінде ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Синоптиктердің мәліметінше, 22 қазанда Астанада оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жел соғады.

Шымкент қаласында күндіз оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15- 20 м/с жетеді.

Абай облысының солтүстігінде, оңтүстік-батысында, орталығында оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 15-20, күндіз екпіні 25 м/с жетеді.

Ақмола облысының солтүстігінде, батысында кей уақытта қатты жауын-шашын (жаңбырдың соңы қарға ұласады) күтіледі. Күннің екінші жартысында облыстың солтүстігінде, батысында тұман, көктайғақ, жаяу болады.Ақтөбе облысының солтүстігінде күндіз қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан соғатын жел облыстың оңтүстік жартысында 15-20, екпіні 23 м/с.

Алматы облысында ауа температурасының күндіз 7-12 градусқа дейін күрт төмендейді. Солтүстікте және таулы аймақтарда 2-7 градус жылы болады. Облыстың батысында, оңтүстігінде оңтүстік-батыстан жел соғады.

Атырау облысының басым бөлігінде солтүстік-батыстан 15-20 м/с жел соғады. 

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде оңтүстік-шығыстан 15-20 м/с жел соғады.

Жетісу облысында ауа температурасы күндіз 7-12 градусқа дейін төмендейді, солтүстікте және таулы аймақтарда 2-7 градус жылы болады.

Батыс Қазақстан облысының шығысында түнде тұман күтіледі.

Қарағанды ​​облысының солтүстік бөлігінде түнде және таңертең тұман күтіледі. Қарағандыда батыстан соғатын жел екпіні 17-22 м/с.

Қостанай облысының басым бөлігінде жауын-шашын, күндіз батысында, орталығында қатты (жаңбыр, қар) күтіледі. Солтүстігінде көктайғақ, тұман, жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында екпіні 15-20 м/с, күндіз 15-20, екпіні 23 м/с.

Қызылорда облысында оңтүстік-батыстан соғатын жел екпіні түнде солтүстік-батысқа ауысады, түнде облыс орталығында 15-20 м/с, күндіз 15-20 м/с. Облыс орталығында екпіні 25 м/с жел күтіледі. Қызылордада күндіз оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады.

Маңғыстау облысында солтүстік-батыстан жел соғады. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 17-22 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ақтауда солтүстік-батыстан екпіні 15-20 м/с жел соғады.

Күндіз Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с, облыстың оңтүстігінде жел екпіні 25 м/с күтіледі. 

Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жауын-шашын, облыстың батысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында тұман, көктайғақ күтіледі. 

Түркістан облысының таулы және тау бөктеріндегі аймақтарда 15-20 м/с жел соғады.