Қоғам • 21 Қазан, 2022

Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдайтын қоғамдық штаб үгіт-насихат жұмыстарын бастады

297 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін сағат 18:00-ден кейін Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдау жөніндегі республикалық қоғамдық штаб еліміздің барлық аймақтарында үгіт-насихат жұмыстарын бастады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдайтын қоғамдық штаб үгіт-насихат жұмыстарын бастады

Республикалық қоғамдық штабтың құрамына үш парламенттік саяси партия мен 22 республикалық қоғамдық ұйымнан тұратын Халық коалициясының өкілдері кірді.

Бүгінде «Халық коалициясы» белсенділері еліміздің барлық өңірлерінде үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп, баспа өнімдерін тарату және бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде ақпараттық материалдарды орналастыру жұмыстарын бастады.

Айта кетейік, ертең Республикалық қоғамдық штабтың алғашқы отырысы өтеді.

Кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдау жөніндегі республикалық қоғамдық штаб әлеуметтік желілерде де парақшалар ашты, онда штабтың қызметі, сайлаушылармен кездесулері туралы барлық ақпарат және басқа да үгіт материалдары орналастырылады.

Еске сала кетейік, бүгін Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидаттарды тіркеу аяқталды. Елімізде Қазақстан президенттігіне үміткерлердің сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары басталды