Штаб басшысы Төлеутай Рахымбековтің айтуынша, Қазақстанның барлық елді мекендерін, атап айтқанда 88 қаланы, 30 елді мекенді, барлық 20 облыста орналасқан 6 мыңнан астам ауылдық елді мекендерді қамту жоспарлануда.
«Біздің кандидат пен сенімді өкілдердің сапарлары «үйме-үй» форматында өтеді. Барлық іс-шаралар уақытылы жүргізіледі», деді Төлеутай Рахымбеков.
Оның айтуынша, республиканың барлық 20 облысында, оның ішінде республикалық маңызы бар үш қалада кандидат Жигули Дайрабаевты қолдауға арналған штабтар жұмыс істейді. Облыстық деңгейдегі 164 ауылдық округ пен 37 қалада 222 штаб құрылды. Қоғамдық штабтар үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуге қажеттінің бәрімен қамтамасыз етілген.