
«Елімізде 25 қазанда Республика күні тойланады. Осыған орай, бұл күні атыраулықтар қала ішінде де, қала маңындағы елді мекендерде де қоғамдық көлік қызметін тегін пайдалана алады. Мұндай жалпы шешімді қала әкімдігі мен жолаушылар көлігі кәсіпорны қабылдады. Барлық облыс тұрғындары мен қонақтары үшін жол жүру тегін болады», деді «Смарт-Атырау» мемлекеттік мекемесінің директоры Арслан Аронов.