«Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат Қарақат Әбденнің штабы іске қосылды. Алдымен ұйымдастыру комитетінің отырысын өткіздік. Бұйрықтар берілді. Еліміздің 20 өңірінде штабымыз жұмысқа дайын. Барлық дайындық жұмыстары жүргізілді. Үгіт материалдарын дайындау. Қазір Астанадағы штабта 10-ға жуық адам жұмыс істейді», деді штаб басшысының орынбасары Берік Төребеков.
Үміткер Қарақат Әбденді қолдау штабы ресми сайт ашты. Әлеуметтік желілерде аккаунттар жұмыс істейді, онда штабтың өткізген іс-шаралары, сайлаушылармен кездесулер және басқа да үгіт материалдары туралы барлық ақпарат орналастырылады.