Спорт • 22 Қазан, 2022

Өзбекстанда олжалы болды

180 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өзбекстанның бас шаһары – Таш­кентте спорттық акробатикадан Ни­колай Лакизаны еске түсіруге ар­нал­­ған халықаралық турнир аяқ­талды.

Өзбекстанда олжалы болды

 

Спортты дамыту дирекциясының мәлі­метінше, ала тақиялы ағайындардың елінде өткен жарыста Қазақстан ұлттық құрамасының спортшылары 4 алтын, 1 күміс және 2 қола медаль олжалаған. Атап айтқанда, ерлер сапында жұптық сайыс­та өнер көрсеткен Назар Жантасов пен Айсұлтан Сағынбек жұбы, қыздар арасында Валерия Муравкина мен Анжелика Бобошко жұбы өз бағдарламаларында турнир жеңімпазы атанса, аралас дуэтте Алиса Котова мен Руслан Мелешко жұбы топ жарды. Сондай-ақ Адель Біржанова, Полина Кузнецова, Милана Бикбаева үштігі де алтыннан алқа тақты.

Ал Дмитрий Федькович пен Карина Чубченко аралас бағдарламада отандастарына жол беріп, күміс жүлдеге ие болды. Руслан Әубәкіров мен Злата Богунова және Илларион Мацымоха мен Полина Оленьчук аралас санатта үздік үштіктен көрінді.

Айта кетейік, халықаралық турнирде Қазақстан, Өзбекстан, Германия мен Ресейдің 100-ден астам үздік гимнасшысы үш жас санатында шеберлік байқасты.