Президент • 22 Қазан, 2022

Абай атындағы мемлекеттік сыйлық иегерлері анықталды

796 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасының Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы 2022 жылғы мемлекеттік сыйлықтың иегерлері белгілі болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Абай атындағы мемлекеттік сыйлық иегерлері анықталды

Қазақстан Республикасының Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы 2022 жылғы мемлекеттік сыйлығын беру туралы

Қазақстан Республикасының Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссияның ұсынымдарын қарап,
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

  1. Қазақстан Республикасының Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы 2022 жылғы мемлекеттік сыйлығы:

1) Жайлыбай Ғалымға, ақын – «Ай таңбалы арғымақ» өлеңдер мен поэмалар жинағы үшін;

2) Жақыпбай Нұрқанатқа, режиссер – «Жібек» мюзиклі үшін;

3) Мыржықбай Кенжеғали Тұрсын­бек­ұлына, әнші – «Жүрегім нені сезесің?» концерті үшін;

4) Сәукетаев Тұрыспекке, жазушы – «Желқайық» романы үшін;

5) Сегізбай Кәдірбекке, жазушы – «Тағдыр толқыны» романы үшін;

6) Смағұлов Сембіғали Абзал­бек­ұлына, мүсінші – «Үш арыс» мүсіндік композициясы үшін;

7) Тұрысбек Секен Кәрімұлына, композитор – «Тәтті мұң» ән-күй партитуралары, клавирлер, өлеңдер жинағы үшін берілсін.

  1. Осы Жарлық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының Президенті

Қ.ТОҚАЕВ

 

Астана, Ақорда, 2022 жылғы  20 қазан

№ 1050