Президент • 22 Қазан, 2022

Президент Мемлекеттік тудың маңызы туралы айтты

663 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Президент Республика күніне орай мемлекеттік наградалар мен сыйлықтар тапсыруға арналған салтанатты шарада Мемлекеттік тудың маңызын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Президент Мемлекеттік тудың маңызы туралы айтты

«Еліміздің барша азаматтарын біріктіріп, ортақ іске жұмылдыратын тағы бір символ – Мемлекеттік ту. Егемен елдің аспанында, Біріккен Ұлттар Ұйымының төрінде желбіреген туымыз – бәріміздің мақтанышымыз. Қазақстанның көк байрағы ғарышқа сапар шекті, ең биік шыңдарда желбіреді. Туымызға арналған керемет әндер, өлең-жырлар бар. Әрбір азаматымыз оларды тыңдаған сайын ерекше рухтанады», деді Президент.

Сондай-ақ ол шынайы отансүйгіштік әрбір азаматымыздың бойында бар екенін атап өтті.

«Спортшыларымыз әлемдік жарыстарда туымызды көтеріп, әнұранымызды шырқап жүр. Олардың көк туымызға деген ерекше құрметі барша әлемді тәнті етуде. Бұл – нағыз отаншылдықтың белгісі. Шынайы отансүйгіштік әрбір азаматымыздың бойында бар», деді Қ.Тоқаев.

Соңғы жаңалықтар

Робот ота жасады

Ғалам ғажаптары • Кеше

Ең ұзын туннель

Ғалам ғажаптары • Кеше

Отыз үйрек, бес қырғауыл

Аймақтар • Кеше

Қазақстанда мал ауруы 51%-ға төмендеді

Шаруашылық • 12 Желтоқсан, 2025