24 Мамыр, 2014

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің бұйрығы №20/460

287 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
2013 жылғы 30 қыркүйек,  Астана қаласы Ауыл шаруашылық өнімдерін қайта өңдеу және ауыл шаруашылығы саласында техникалық және кәсіптік білімнің кәсіби стандарттарына бекіту Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 138-5 бабына сәйкес, бұйырамын: 1. Бекітілсін: 1) «Ауыл шаруашылығын механикаландыру» қызмет түрі бойынша осы бұйрықтың 1 қосымшасына сәйкес техникалық және кәсіптік білімнің кәсіби стандарты; 2) «Ауылшаруашылығы техникасына техникалық қызмет көрсету және жөндеу» қызмет түрі бойынша осы бұйрықтың 2 қосымшасына сәйкес техникалық және кәсіптік білімнің кәсіби стандарты; 3) «Агрономия» қызмет түрі бойынша осы бұйрықтың 3 қосымшасына сәйкес техникалық және кәсіптік білімнің кәсіби стандарты; 4) «Дәнді сақтау және өңдеу» қызмет түрі бойынша осы бұйрықтың 4 қосымшасына сәйкес техникалық және кәсіптік білімнің кәсіби стандарты; 5) «Ет және ет өнімдерін өндіру» қызмет түрі бойынша осы бұйрықтың 5 қосымшасына сәйкес техникалық және кәсіптік білімнің кәсіби стандарты; 6) «Сүт өнімдерін өндіру» қызмет түрі бойынша осы бұйрықтың 6 қосымшасына сәйкес техникалық және кәсіптік білімнің кәсіби стандарты; 7) «Азық-түлік өнімдерін өндіру» қызмет түрі бойынша осы бұйрықтың 7 қосымшасына сәйкес техникалық және кәсіптік білімнің кәсіби стандарты. 2. Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті (Хасенов С.С.), Қайта өңдеу және азық түлік нарығы департаменті (Ахметов Ш.И.) Қазақстан Республикасы заңнамасымен бекітілген тәртіп бойынша кәсіби стандарттарды енгізу үшін шаралар қабылдасын. 3. Әлеуметтік саясат басқармасына ( Лепешко С.С.): 1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуі бекітілген тәртіпте қамтамасыз етілсін; 2) Мемлекеттік тіркеу өткеннен кейін, осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығының жауапты вице-министріне жүктелінсін. 5. Осы бұйрық ресми жарияланған күннен бастап, күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі. Министр А.МАМЫТБЕКОВ. «Келісілген» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты Әлеуметтік қорғау министрі Т.Дүйсенова 2013 жылғы 21 қазан Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылғы 28 қарашадағы Нормативтік құқықтық келісімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №8929 болып енгізілді.