Қоғам • 25 Қазан, 2022

«Жас өрен» жеңімпаздары

812 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Республика күніне орай композиторлар мен ақын­дар арасында өткен балалар әні мен поэзия­сына арналған «Жас өрен» республикалық байқа­уы­ның жеңімпаздары анықталды. Жүзден жүйрік шық­қандардың жұлдызын жаққан байқау мықтылары арнайы диплом және ақшалай сыйлықпен марапатталады.

«Жас өрен» жеңімпаздары

Коллажды жасаған Қонысбай ШЕЖІМБАЙ, «EQ»

Қазақстан Республикасы Прези­дентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасы­лық-демографиялық сая­сат жөніндегі ұлттық ко­мис­сия­ның қолдауымен ұйым­дас­тырылған конкурс 2022 жыл­дың 15 шілдесі мен 15 қазаны аралығында өтті. Бай­қауға бар­лығы 204 өті­нім ұсы­нылып, оның 133-і поэ­зия, 71-і ән ата­лы­мында бәй­геге түсті.

Президент жариялаған биыл­ғы Бала­лар жылында өт­кізіліп отырған айтулы жо­ба­ның балаларға арнал­ған отан­­дық шығармаларды дәріп­теу, бала­лар әндері мен өлең­дерінің репертуарын толық­тыруда мәні зор. Сондай-ақ еліміздегі балалар композиторлары мен ақындардың шы­ғармаларын балабақшалар мен мектептерге, бала­лардың музыка мекемелеріне наси­хат­тауда һәм шалғайдағы ауыл­дық кітапха­наларға дейін қол­­же­тімді қылу арқылы ру­ха­ни-адамгершілік құн­дылық­­тар­ды арттыруда да маңызы айрық­ша. Бұл рет­те, Отанға қыз­мет ету, ел мен жерге деген жо­­ға­ры патриоттық сезімді қа­лып­тастыратын өнер туын­дыларын шығару және осы ар­қылы ұлттық руха­ният­қа үлес қосқысы келе­тін отандық авторларды қолдаудың құнды­лығы ерек.

Ақтоты Райымқұлова, Аман­­­жол Әлтай, Майра Ілия­­сова, Серікзат Дүйсен­ға­зин, Қанат Айтбаев бас­та­ған өнер иелерінің қазы­лық етуі­мен байқаудың бас жүлдесі Құр­манғазы атын­дағы Алматы Мем­лекеттік консерваториясы хор дири­жерлеу бөлімінің түлегі, композитор Эльмира Дех­ганидің қан­жығасына байланды. «Балаларға ар­налған ән» аталымы бойынша I орын­ды композитор, дири­жер, музыкатанушы Әлі­би Әбдінұров (Астана), ІI орын­ды компози­тор, өңдеу­ші Самат Рыспанбе­тов (Ал­маты) пен «Бақжұл­дыз» ме­диа орта­лығының вокал бөлімінің ұстазы Бек­жан Қайратұлы (Талдықорған), III орынды Мәдениет қай­раткері, ақын, сазгер, продюсер Бауыржан Есебаев (Алматы облысы) пен Қазақ ұлттық өнер университеті мектебінің 9-сынып оқу­шысы Нұрислам Доспай (Астана қаласы) өзара бө­лісті. Ал «Балалар поэ­­зия­сы» аталымындағы I орынды «Ха­бар24» арна­сы бағдарламалар бөлі­мі­нің аға редакторы Жады­ра Байбұланова (Астана қа­ла­­сы), II орынды респуб­ли­калық «Мұнара» газетінің бас редакторы Серікбол Ха­са­нов (Астана қаласы) пен Қазақ­стан Жа­зушылар ода­ғының мүшесі Достық Тілеубергенов (Қызылорда об­лысы), III орын­ды ақын, жазушы, драматург Баян­ғали Әлімжанов (Ақмо­ла облысы) пен ақын, журналист Нәзира Бердалы (Аста­на қа­ласы) иеленді. Сонымен қатар Ольга Кап­лун, Ай­сұлу Тани, Құрмет Са­қай, Ал­пыс­бай Хонж, Қуат Ахе­тов, Сағыныш На­маз­шамо­ва байқаудың дипломанты атанды.

«Жас өрен» республи­калық байқа­уының лауреаттары мен дипломантта­рын марапаттау рәсімі еліміздің Тәуел­сіздік күніне арнал­ған мерекелік Гала-кон­цертте өте­ді деп жоспарланған. Атал­ған шара барысында жинал­ған жұрт­шылық кон­курс лауреаттары мен дип­­ло­манттары­ның шығар­маларымен таныса алады.

Соңғы жаңалықтар