Қоғам • 25 Қазан, 2022

Республика күніне арналған турнир

150 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Парламент Мәжілісінің ұйымдастыруымен Астанада шағын футболда БАҚ өкілдері арасында республикалық турнир бас­талды. Жарыс Республика күніне арналып отыр.

Республика күніне арналған турнир

Айта кету керек, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың бірінші отырысында Республика күніне ұлттық мереке мәртебесін қай­таруды ұсынған болатын.

Іс-шараға Парламент Мәжі­лі­сінің депутаттары, Ақпарат және қоғамдық даму, Мәдениет және спорт министрліктерінің басшылары, сонымен қатар Аста­на қаласы әкімдігінің өкіл­дері қатысты. 

Республикалық турнирді Мәжіліс төрағасының орынбасары П. Казанцев ашып берді. Вице-спикер жарысқа қа­тысушыларды Республика кү­німен құттықтап, мұндай тур­нирдің алғаш рет ұйымдас­ты­рылып отырғанын айтып, сәттілік пен жеңіс тіледі.

– Республика күні мерекесі­нің әрбір қазақстандық үшін маңызы ерекше. Бұл күн  ел егемендігінің бастауы болды.  Бүгін осы мерекеге орай жа­рыс өткізіп отырмыз.  Депутат­тар корпусы мен журналис­тер халықтың мәселесін бірге кө­теретін,  күнделікті өмірде бел­сенді жұмыс істейтін одақтастар, – деді вице-спикер. 

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Д.Қыдырәлі сөз сөйлеп, Республика күні қар­­саңында ұйымдастырылып жат­қан іс-шараның маңызды­лы­ғына тоқталды.

– Арайлы азаттығымыздың, тұғырлы тәуелсіздігіміздің символы болған Республика күнімен құттықтаймын. Осындай ұлы мереке қарсаңында турнирді ұйымдастыруға бастамашылық жасаған Мәжіліске, Мәжіліс төр­ағасы Ерлан Қошановқа ал­ғыс білдіремін.  Біз журналис­тер қауымы жарыса отырып, жа­расамыз. Доп таластыра отырып, табысамыз. Бүгінгі турнир дос­тықтың белгісі болады, – деді Д.Қыдырәлі.

Республикалық турнирге Атырау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Жетісу облыстары мен Астанадан келген 20-дан астам журналистер командасы, сондай-ақ Мәжіліс депутаттары мен қызметкерлері қатысуда.

Турнир елордамыздың «Астана-Арена» стадионында өтіп жатыр.