Қазақстан • 26 Қазан, 2022

«DALA DAUYSY» байқауына қатысуға құжат қабылдау жүріп жатыр

529 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Мәдениет және спорт министрлігі жаңа туындыларды жарыққа шығаратын авторларды қолдау мақсатында Республикалық «DALA DAUYSY» конкурсын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

«DALA DAUYSY» байқауына қатысуға құжат қабылдау жүріп жатыр

Ұйымдастырушылардың айтуынша, байқауда 5 номинация бойынша 16 сыйлық тағайындалады.  Олар -  «Үздік фольклорлық музыка», «Үздік классикалық музыка», «Үздік драматургиялық туынды», «Үздік музыкалық-театрлық жанр туындысы», эстрада жанрындағы «Республика әні» және Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің 2  арнайы жүлдесі.

Байқауға кімдер қатыса алады?

Конкурсқа соңғы 3 жылда жазылған және Конкурсқа Өтінімдерді қабылдау басталғанға дейін (2022 жылғы 15 қазан) көпшілік алдында кеңінен орындалмаған авторлардың туындылары қатыса алады.

Авторлардың туындыларына осы Қағидаларда көрсетілген екіден артық емес номинацияға қатысуға рұқсат етіледі. Әр номинацияда бір Қатысушы тек бір туындыны ұсына алады.

Конкурстық іріктеуді кезеңі төмендегіше:

  • Келіп түскен Өтінімдер Конкурстың ұйымдастыру комитетімен қабылданып тіркеледі.
  • Келіп түскен Өтінімдерді Қағидалардың талаптарына сәйкестігін тексеруді Ұйымдастыру комитеті 3 (үш) жұмыс күнінде қаралып, нәтижесі бойынша Қатысушының электрондық мекенжайына немесе телефон нөміріне хабарлама жібереді. 

Жеңімпаздар қалай таңдалады?

Конкурстың жеңімпаздары мен лауреаттарын Қазақстанның белгілі мәдениет және өнер қайраткерлерінен арнайы құрылған қазылар алқасы айқындайды.

Үміткерлерге құжаттарды қалай тапсыруға болады?

Өтінімдер мен қосымша материалдар қағаз жеткізгіште Астана қаласы, Қалибек Қуанышбаев көшесі 8/1 мекенжайы бойынша № 229 кабинетте қабылданады. Жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін.

Қатысушылар үшін құжаттар мен материалдар тізбесі:

1) № 1 Конвертке Конкурс талаптарына сәйкес қоса берілетін барлық материалдар салынады;

2) № 2 Конвертке Өтінім, Қатысушы туралы деректер мен байланыс нөмірі салынады. 

Құжаттар 15 қазаннан 15 қарашаға дейін қабылданады. 

«Үздік фольклорлық музыка» номинациясы бойынша мына материалдар қабылданады:

  • CD немесе DVD дискіде туындының аудиожазбасы (MP3 форматта);
  • туынды мәтіні (А4 форматы, Courier New - қарпінде, 12 өлшемде, жоларалық интервал – біркелкі);
  • ұсынатын туындының нотасы (А4 форматта).

«Үздік классикалық музыка» номинациясы бойынша:

  • партитура немесе клавир (А4 форматта);
  • CD немесе DVD дискіде туындының цифрлық демонұсқасы немесе аудиожазбасы (MP3 форматта).

«Үздік драматургиялық туынды» номинациясы бойынша:

  • ұзақтығы 90-120 минут болатын екі актілі туынды мәтіні (А4 форматы, Courier New - қарпінде, 12 өлшемде, жоларалық интервал - біркелкі).

«Үздік музыкалық-театрлық жанр туындысы»  номинациясы бойынша:

  • туынды партитурасы  (А4 форматта);
  • туындының либреттосы (А4 форматы, Courier New - қарпінде,12 өлшемде, жоларалық интервал – біркелкі);
  • CD немесе DVD дискіде туындының цифрлық демонұсқасы немесе аудиожазбасы (MP3 форматта).

Эстрада жанрындағы «Республика әні» номинациясы бойынша:

  • CD немесе DVD дискіде туындының аудиожазбасы (MP3 форматта);
  • туындының мәтіні (А4 форматы, Courier New - қарпінде, 12 өлшемде, жоларалық интервал – біркелкі);
  • партитура немесе клавир (А4 форматта).

№ 2 Өтінім бойынша:

  • жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі (А4 форматта);
  • шығармашылық өмірбаян (А4 форматта);
  • Қатысушының түрлі-түсті фотосуреті (13х18 см өлшемде);
  • Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банкінде дербес шоттың болуы туралы анықтама (А4 форматта);
  • авторлық құқықты тіркеу және қорғау туралы анықтама (А4 форматта).

 Қосымша ақпарат: 

Ұйымдастыру комитеті -  Ибраев Олжас Қанатұлы +7 7172 270235, +7 702 842 17 80

«Үздік фольклорлық музыка» номинациясы бойынша – Айжан  +7 775 826 75 20

«Үздік классикалық музыка» номинациясы бойынша – Хадиша +7 708 501 24 13

«Үздік драматургиялық туынды» номинациясы бойынша – Айгерім  +7 702 857 51 61

«Үздік музыкалық-театрлық жанр туындысы» номинациясы бойынша -  Риза +7 778 364 33 03

Эстрада жанрындағы «Республика әні» номинациясы бойынша -  Әсем +7 771 372 27 31