Мультимедиа • 26 Қазан, 2022

TikTok қосымшасы қазақ тілінде қолжетімді болады

542 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

TikTok қосымшасы қазақ тіліне аударылады. Сондай-ақ осы жылдың күзінде сервис Астана және Алматы қаласында екі өкілдігін ашады. Бұл туралы Astana media week апталығында Tik Tok Қазақстан Бас директоры Анастасия Панина хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

TikTok қосымшасы қазақ тілінде қолжетімді болады

Анастасия Панина Қазақстанда шығармашылық аудитория көп екенін атап өтті.

«Біз TikTok-та жаңа контент жасайтын көптеген музыканттарды, жас аналарды, балаларды көреміз. Әлеуметтік платформа ретінде қоғамға жақын болғымыз келеді. Сондықтан осы күзде Қазақстанда өкілдік ашамыз. TikTok-тағы контентті барынша қызықты әрі пайдалы ете отырып, білім беру ұйымдарымен, мемлекетпен бірлесіп, пайдалы әрі қызықты жоба ұсынып, тиімді жұмыс жасайтынымызға қуаныштымын», деп атап өтті ол.