Қазақстан • 26 Қазан, 2022

Пойыздағы төменгі орындар жоғарыға қарағанда 20% қымбат болады

369 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұлттық тасымалдаушы компания пойыздағы жоғарғы және төменгі орындардың бағасында 20 пайыздық айырмашылық болатынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Пойыздағы төменгі орындар жоғарыға қарағанда 20% қымбат болады

«Пилоттық режимде «Жолаушылар тасымалы» АҚ 2022 жылғы 1 желтоқсаннан бастап 2023 жылғы 28 ақпанға дейін жөнелтілетін коммерциялық пойыздар вагондарындағы жоғарғы және төменгі орындарға жол жүру құнына сараланған тәсілді енгізеді. Жоғарғы және төменгі орындар арасындағы жол ақысының айырмашылығы 20% құрайды.

Жоба вагондағы орындарды біркелкі бөлу, сондай-ақ жолаушылардың төменгі орындарға деген сұранысын қанағаттандыру мақсатында жүзеге асырылады», делінген хабарламада.

Мәліметке сай, сараланған тәсіл келесі жолаушылар пойыздарында қолданылады:

  1. № 111/112 «Алматы-Маңғыстау»;
  2. № 51/52 «Алматы-Орал»;
  3. № 105/106 «Алматы-Петропавл»;
  4. № 71/72 «Астана-Шымкент»;
  5. № 29/30 «Алматы-Атырау».

Бұл тәсіл пилоттық режимде 2022 жылдың 1 желтоқсанынан 2023 жылдың 28 ақпанына дейін қолданылады.