Аймақтар • 26 Қазан, 2022

Сыр бойында самсаған сарай

293 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін

Республика күні қызылордалықтарға айрықша тарту жасады. Бір күн­де қала мен облыс аудандарында балалар үшін 80 спорт­тық ойын ала­ңы, Оқушылар үйі мен балабақша пайдалануға беріліп, облыс орта­лығындағы қоғамдық көліктер қатары 40 автобуспен толықты.

Сыр бойында самсаған сарай

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлі­баев тұрғындарды ұлық мерекемен құттықтап, игі тілегін жет­кізді.

– Ұлттық мерекеміз – Рес­пуб­лика күні құтты болсын! Мем­лекет басшысының бастамасымен қайта оралған бұл күннің бәріміз үшін тарихи мәні жоғары, идеологиялық салмағы ерек, – деді Н.Нәлібаев.

Облыс орталығы тұрғындары үшін толғақты мәселенің бірі қоғамдық көлік еді. Мектептерде сабақ басталғалы бері көлік жетіс­пейтіні айқын байқала бас­таған. Әлеуметтік желіні ашып қалсаң, аял­дамада автобус күткен жұрт­тың жазған шағымынан көз сү­рінетін. Елді алаңдатқан бұл проб­леманың да шешімі табылатын күн жа­қын қалған сияқты. Мерекеде қала­ішілік қоғамдық көліктер қатары жаңа 40 автобуспен то­лықты. Бұған дейін Қызылорда автобус паркіне «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ арқылы жаңадан лизингке 150 автобус алуға 1,43 млрд теңге қаржы бөлініп, өткен айда 21 жаңа автобус жеткізілген. Ал қа­раша айында қалған жаңа кө­ліктер келеді.

Қаламен қатар ауыл халқы да игіліктен шеттеп қалмауы керек. Әсіресе елдімекен балалары үшін бар жағдай жасалуы қажет. Облыс әкімі Нұрлыбек Нә­лібаев Балалар жылы шең­бе­рінде қала мен аудандарда спорт­тық ойын алаңдарын салу бастамасын көтерген еді. Ме­рекеде де­меушілер тарапынан қолдау тапқан осы идея бойынша құны 1,6 млрд теңге болатын 80 спорттық ойын алаңы қол­данысқа берілді.

рм

Осыдан аз күн бұрын меценаттар қаржысына Жаңақорған ауданы орталығында құны 790 млн болатын заманауи демалыс паркі, Сырдария ауданының Нағи Ілиясов ауылында 350 млн теңгеге «Еңбекшілер аллеясы» бой көтерді.

Қалталы азаматтар аймақта мектеп, балабақша ашуға да ынталы болып отыр. Республика күнін­де қалада 300 орындық ба­ла­бақша есігін айқара аш­ты. Жыл соңына дейін тағы 2 мем­ле­кеттік бала­бақша пайда­лануға бе­ріледі. Соң­ғы 5-6 айдың ішінде жергілікті кәсіп­керлер 9 млрд теңге жұмсап, ауқым­ды жобаларды жүзеге асырып келеді.

Жалағаш ауданында құны 431 млн болатын 200 орындық Оқу­шылар үйі мен 50 орындық Өнер мектебі, жаңа дәрігерлік амбулаторияның ашылуы ұлттық ме­реке мезіретіндей болды. Таяу күндері Арал ауданында 150 млн теңгеге салынған «Балықшылар мо­нументі» мен аллея ел игілігіне беріледі.

Биыл өңірде 4 жаңа білім оша­ғы ашылды. Жыл соңына дейін тағы 8 мектеп табысталады. Арал ауданы Тоқабай ауылындағы апатты деп танылған мектеп орнына жеке инвестор есебінен 500 млн теңгеге білім ошағын салып жатыр. Оқушылар тасымалы үшін осы оқу жылында мектептерге 30 автобус беріледі.

п

Балалар жылынан бастау алған тағы бір жаңалық – облыс орталығында заманауи үлгідегі Оқушылар сарайы бой көтереді.

Жалпы, алдағы 3 жылда «Жай­лы мектеп» жобасы бойынша 70 млрд теңгеге 15 мемлекеттік мек­т­еп салу жоспарда тұр. Оның то­ғы­зының құрылысы келер жылы бас­талады.

Облыс кәсіпкерлері түрік компанияларымен бірлесіп, өн­діріс орындарын ашуға талап­танып жатыр. Бауырлас ел іс­керлері осы жылы қаланы жылу және элек­трмен толық қам­тамасыз ете­тін қуаттылығы 240 мегаватты құрайтын жылу электр орта­лығының іргетасын қа­лады. Құны 215 млрд теңгеден асатын жоба 3 жылда аяқталады. Тағы бір түрік компаниясымен жылына 24 мың тонна қызанақ пастасын шығаратын зауыт салу туралы келіссөздер жүргізілуде.

Сыр елінде жаңа 1,6 млрд теңгені құрайтын Неке сарайы, 3,7 млрд теңге болатын 1000 орын­дық Өнер орталығы, сол жаға­лаудан 2,7 млрд теңге қар­жыға Қан орталығы салынып жатыр. Белгілі кәсіпкер, меценат Марат Дүй­сенбаевтың демеу­шілігімен құрылысы бас­талған «Анаға тағ­зым» орталығы шаһардың ажарын аша түседі.

Өңір өндірісіне келгенде ерекше айта кетер бір жаңалық, шыны зауытының күйдіру пеші қажетті температурасына жетіп, қазан айының 9 күні алғашқы сынама шыны өндірілді. Алда зауыт айналасынан 8 ілеспе өндіріс орнын дамыту жоспарланып отыр. Зауытта шыны-талшықты, ком­позиттік материалдар және басқа да өнімдер шығарыла бастайды.

Қаланың негізгі қақпасы әуе­жай да қайта жаңарады. Болат Өтемұратовтың тікелей қолдауы­мен құны 12 млрд теңге болатын «Қорқыт ата» әуежайының жаңа терминалы салынуда. Осы күні өзге де демеушілер қаржысымен 100 млн теңгеге бұрынғы терми­налдың ішкі және сыртқы әрлеу жұмыстары жүргізілді.

Денсаулық сақтау саласында 2 жыл ішінде 27 жаңа нысан халық игілігіне беріледі. Ор­та­лық атқарушы органдармен бірге жасалған орнықты жұмыс­тардың нәтижесінде 36,4 млрд теңгеге Қызылорда қаласынан көпсалалы аурухана мен емхана тұрғындардың игілігіне қызмет ететін болады.

Аймақта Республика күні сал­­танатты жиынмен қорытын­дыланып, облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына ерекше үлес қосқан азаматтарға мем­ле­кет­тік награда тапсырылды.

 

ҚЫЗЫЛОРДА