АСТАНА. 26 мамыр. Кеден одағы пен Біріңғай экономикалық кеңістікке қатысушы елдердің басшылары 29 мамыр күні Астанада Еуразиялық экономикалық одақ құру туралы құжатқа қол қояды. Аталған келісімнің мән-маңызына байланысты көптеген жағымды пікірлер айтылуда. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
XVIII Санкт-Петербург халықаралық экономикалық форумында Ресей Президенті Владимир Путин Еуразиялық экономикалық одақ және Еуропалық одақ арасындағы қарым-қатынасты дамыту қажеттігін айта келе: «2015 жылдың 1 қаңтарында Еуразиялық экономикалық одақ заңдық тұрғыда күшіне енуі тиіс. Халқының саны 170 млн. адамды құрайтын Қазақстан, Ресей, Беларусь мемлекеттерінің ортақ экономикалық нарығы түзіледі. Бұл нарық арқылы капитал, тауар, жұмыс күші мен қызмет көрсету салалары бойынша еркін байланысқа түсеміз. Кәсіпкерлер үшін мүмкіндіктер мол болады. Сондай-ақ, бірлескен инвестициялық және кооперативтік жобаларды іске асыруға, макроэкономикалық саясат келісімдерін жүргізуге, сыртқы нарықты үйлестіруге қол жеткізіледі», – деді.
Сондай-ақ, ол Еуразиялық экономикалық одақтың құрылуын биылғы жылдың басты жаңалығы деп есептейтінін атап өтті.
Жолдыбай Базар.
Дереккөз: egemen.kz.
Фото: pia.ru.
• 26 Мамыр, 2014
Ресей Президенті Еуразиялық одақтың құрылуын жылдың басты оқиғасы деп санайды

Ауа райы • Бүгін, 17:55
Жасөспірімдер арасындағы бала туу деңгейі неге жоғары?
Қоғам • Бүгін, 17:28
Иран Ормұз бұғазын қайта жапты
Әлем • Бүгін, 16:58
Министрлік «Қыз Жібек» фильмінің реквизиттеріне қатысты мәлімдеме жасады
Оқиға • Бүгін, 16:42
Жемқорлықпен күрес: Алты жылда 1 000-нан астам шенеунік сотты болды
Қоғам • Бүгін, 16:17
Дзюдодан Азия чемпионаты: Қазақстан қоржыны бесінші медальмен толықты
Спорт • Бүгін, 15:59
Иран әуе кеңістігін ішінара ашты
Әлем • Бүгін, 15:35
Әл-Фараби даңғылында жол ережесін өрескел бұзғандар ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 14:29
Жерде магниттік дауыл басталды
Оқиға • Бүгін, 14:06
Теміржолшыларға баспана: «ҚТЖ» мен «Отбасы банк» жаңа жобаны іске қосты
Қоғам • Бүгін, 13:32
Елордада 17 адамды «қажылыққа жіберемін» деп алдаған алаяқ жазаланды
Оқиға • Бүгін, 13:09
Бітімгерлердің БҰҰ миссиясына дайындығы тексерілді
Қоғам • Бүгін, 12:48