Саясат • 27 Қазан, 2022

Шахтерлерді не алаңдатады?

105 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасы президенттігіне кандидат Мейрам Қажыкен үгіт-насихат науқаны аясында Сәтбаев қаласында орналасқан Шығыс Жезқазған кенішіне барды. Үміткерді «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС «Жезқазғанцветмет» өндірістік бірлестігінің жұмысшылар ұжымы қарсы алды.

Шахтерлерді не алаңдатады?

Қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқау­лық­пен танысқаннан кейін Мейрам Қажыкен күндізгі ауысым жұмысшыларымен бірге шахтаға түсті. Кандидат су ағызу учаскесінде және тау-кен механизмдерін жөндеу пунк­тін­де болды. Үміткер шахтерлердің еңбек жағ­дай­ларымен танысып, сауалдарына жауап берді.

Айта кетерлігі, Анненский шахтасының ең төменгі нүктесі 500 метрден астам тереңдікте орналасқан. М.Қажыкен өзінің сайлауалды бағдарламасының басым бағыттарын кеншілерге теңіз деңгейінен 260 метр төмен тереңдікте түсіндірді. Еңбеккерлерді негізінен әлеуметтік қорғау және зейнеткерлік жасын төмендету мәселелері қызықтырды.

«Мемлекет әлеуметтік әріптестік тарап­тарының бірі бола отырып, барынша қол­дау көрсетіп, оның ішінде жәрдемақы мөл­шерін ұлғайтуға тиіс. Менің сайлауалды бағ­дар­ламамда ұлттық зейнетақы жүйесін жаңғыр­ту жеке тармақ ретінде көрсетілген. Мен әйел­дердің зейнетке шығу жасын олардың әл-ауқатын нашарлатпай төмендетуді, ауыр, зиянды және қауіпті жұмыстармен айналысатын қызметкерлердің ерте зейнетке шығу мәселесін шешуді ұсынамын», деді М.Қажыкен.