Саясат • 27 Қазан, 2022

Агробанк құруды ұсынды

156 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасының президенттігіне кандидат Жигули Дайрабаев сайлауалды үгіт-насихат шеңберінде Түркістан облысының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерімен кездесті.

Агробанк құруды ұсынды

Жигули Дайрабаев кездесу барысында ауыл шаруашылығы өндірушілері үшін қаржыландырудың, жер және техникалық ресурстардың қолжетімділігі мәселелерін қозғады. Түркістан облысы фермерлердің көп шоғырлануымен және АӨК құрылымындағы үй шаруашылықтары үлесімен ерекшеленетіндіктен, аталған проблемалар өңір үшін өте өзекті.

«Шағын шаруалар кооперациясы мәселелерінің шешілу деңгейі төмен, жер үлескерлері мен шартты жер үлестеріне иелік етушілер арасында дау жиі туындап тұрады. Мен сайлауалды бағдарламамда осы мәселелерді шешудің жеке бағытын белгіледім. Агробизнес құрғысы және аграрлық саланы нығайтқысы келетіндер үшін пайызсыз несие беретін арнайы агробанк құруды ұсынамын», деді Ж.Дайрабаев.

Кездесуде фермерлер су тапшылығы жайлы алаңдау­шы­лық­тарымен бөлісті. «Су ресурстарының тапшылығы экономиканың көптеген саласына, соның ішінде ауыл шаруашылығына кері әсер етеді. Сондықтан су ресурстарының әлеуетін қалпына келтіру, оның ішінде су үнемдеу технологияларын дамыту жөніндегі жұмысты күшейту қажет», деді Ж.Дайрабаев.

Облыстың мақта өсірушілері де өз проблемаларын айтты. Кандидат мақташыларға мәселені шешу үшін мақта сатумен ғана емес, сонымен қатар қайта өңдеумен де айналысуды ұсынды.