26 Мамыр, 2014

Еліміздің жоғары оқу орындарының дипломдары Ресей мен Беларусь елінде мойындалады

328 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
DSCАСТАНА. 26 мамыр. Еуразиялық экономикалық одақ құрылғаннан кейін өзіміздің жоғары оқу орындарынан берілетін дипломдар әріптес мемлекеттер университеттерінің дипломдарымен тең дәрежеде мойындалады. Бұқаралық ақпарат  құралдары өкiлдерiмен кездескен Экономика және бюджеттiк жоспарлау вице-министрi Тимур Жақсылықов осылай деді. Бұл туралы BNews.kz хабарлады. Тимур Жақсылықов: «Бүгінде азаматтардың бiлiмі туралы дипломдарды әріптес елдер арасында мойындау мәселесiнде кедергілер бар. Нақтылай айтқанда, Бірыңғай экономикалық кеңістікке қатысушы елдердің адамдары қазіргі кезде орта бiлiм, жоғары бiлiм туралы дипломдарын растауы қажет. Мәселен, бiздiң елiмiзде жұмысқа орналасқысы келген азамат өз дипломын растау үшін нострификация немесе басқа рәсiмдеу сатыларынан өтуі керек. Енді біз бұл талаптарды келешекте алып тастамақпыз. Яғни, Ресей немесе Беларусь елiнде бiлiм алған азаматымыз елімізге жұмысқа орналасқан кезде дипломын растау рәсiмдерiнен өткізудi ешкiм сұрамайды», – деді. Сондай-ақ, ол бiздiң Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қарағанды мемлекеттік университеті және өзге де аймақтық жоғары оқу орындарының дипломдары Ресейдің М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің, сондай-ақ, басқа да жоғары оқу орындарының дипломдарымен тең дәрежеде қарастырылатынын жеткізді. Жолдыбай Базар. Дереккөз: BNews.kz. Фото: minplan.gov.kz.