Футбол • 27 Қазан, 2022

Тағы төрт клуб плей-оффта

166 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Футболдан Чемпиондар лигасының топтық кезеңдегі бесінші турдың алғашқы ойын күнінен кейін тағы төрт команданың плей-оффқа шыққан белгілі болды.

Тағы төрт клуб плей-оффта

 

Атап айтқанда, Е тобында өнер көрсетіп жатқан Англияның «Челсиі» сырт алаңда «Зальцбургті» (2:1) жеңіп, бірінші орынмен 1/8 финалға жолдама алды. Бұл топтағы екінші жолдаманы соңғы турда «Милан» мен «Зальцбург» сарапқа салады. G тобындағы «Бо­руссия Д» өз алаңында «Манчестер Си­тимен» тең ойнап (0:0), екінші орынмен плей-оффқа шықты. «Сити» келесі кезеңнің мәсе­лесін төртінші турда-ақ шешіп тастаған болатын.

Н тобында да келесі айналымға өткен командалар толық белгілі болды. Өз алаңында «Ювентусті» 4:3 есебімен жеңген «Бенфика» мен «Маккабидің» қақпасына жеті гол соққан (7:2) ПСЖ плей-оффқа шықты.

 

Соңғы жаңалықтар

Құмды тоқтатқан технология

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 09:12

Толқынды күткен бала болмысы

Басылым • Бүгін, 09:07

Үздіктер Астанада анықталды

Жеңіл атлетика • Бүгін, 09:00

Күй күмбірлеп, ән әуеледі

Өнер • Бүгін, 08:58

Тәртіп бар жерде тазалық болады

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 08:55

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 08:53