АСТАНА. 26 мамыр. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Әділет министрінің орынбасары Эльвира Азимова Еуразиялық экономикалық одақ БҰҰ принциптерін орындауға міндетті екенін жеткізді. Бұл туралы «ҚазАқпарат» хабарлады.
Эльвира Азимованың айтуынша, тараптар келісімі бойынша Еуразиялық экономикалық одақ халықаралық ұйым санатына жатқызылады.
Әділет министрінің орынбасары: «Іс жүзінде құрылатын барлық халықаралық ұйымдар БҰҰ-ға тіркелуі тиіс. Бұл ұйымдар БҰҰ-ның барлық ұстанымдарын орындауға міндетті», – деді.
Брифингте вице-министр Еуразиялық экономикалық одақты құру жөніндегі келісім заңгерлік ауқымды құжат екеніне тоқталды. Оның сөзіне қарағанда, аталған келісім-шарт негізіне қолданыстағы 68 халықаралық құжат жатқызылған. Осы уақытқа дейін бұл келісімде еліміздің мүддесіне қайшы келетін жағдайлар кездеспеген.
Эльвира Азимова: «Еуразиялық экономикалық одақ құру туралы келісім жетілдірілген құжат. Ол уақыт талабына және біздің мүддемізге сай келеді», – деді.
Жолдыбай Базар.
Дереккөз: «ҚазАқпарат».
Фото: tonykok.kz.
• 26 Мамыр, 2014
Еуразиялық экономикалық одақ ұстанымы БҰҰ талаптарына қайшы келмейді

Тұлға • Кеше
Ауа райы • Кеше
Иран Ормұз бұғазын қайта жапты
Әлем • Кеше
Иран әуе кеңістігін ішінара ашты
Әлем • Кеше
Әл-Фараби даңғылында жол ережесін өрескел бұзғандар ұсталды
Аймақтар • Кеше
Жерде магниттік дауыл басталды
Оқиға • Кеше