26 Мамыр, 2014

Еуразиялық экономикалық одақтан ұлттық мүддемізге нұқсан келмейді

283 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
012АСТАНА. 26 мамыр. Еуразиялық экономикалық одақтың құрылуы еліміздің рухани өміріне,  ұлтымыздың мүддесіне зиянын тигізбейді. Бұл туралы nur.kz хабарлады. Еуразиялық экономикалық одақ құру жөніндегі келісім жобаларын талқылау барысында халықаралық қызметті жүзеге асыру және әріптес мемлекеттердің үшінші елдермен келісімдерін даярлау, бекіту тәртібі қарастырылды. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Сыртқы істер министрінің орынбасары Самат Ордабаев: «Әріптес мемлекеттермен саяси, гуманитарлық ынтымақтастық жалғасын табады. Алайда, осы салалардағы біздің қатынастар басқа алаңдарда дамитын болады. Яғни, бұл қарым-қатынастар Тәуелсіз мемлекеттер достастығы, Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы аясында жүргізіледі», – деді. Вице министрдің айтуынша, Еуразиялық экономикалық одақтың кез келген іс-қимылы бойынша, яғни, шешім қабылдау, жүзеге асыру барысында ел мүддесіне нұқсан келмейді. Жолдыбай Базар. Дереккөз: nur.kz. Фото: i-news.kz.
Соңғы жаңалықтар