Мультимедиа • 27 Қазан, 2022

TikTok-та қазақ тіліндегі контентке сұраныс артып келеді

354 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елордада өтіп жатқан Astana Media Week-2022 апталығы аясында Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі TikTok компаниясының делегациясымен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz.

TikTok-та қазақ тіліндегі контентке сұраныс артып келеді

Кездесу барысында министр Анастасия Панинаны Қазақстандағы TikTok басшысы болып тағайындалуымен құттықтап, жылы лебізін білдірді.

Қазіргі уақытта TikTok платформасында қазақ тіліндегі контентке деген сұраныс көбейгенін атап өту керек. Кездесу барысында компания өкілі желіге қазақ тілін орнату жайы қарастырылып жатқанын атап өтті. Сондай-ақ осы күзде Қазақстанда TikTok офисін ашу жоспарланып отырғанына тоқталды.

Аталған басқосуда министрлік басшылығы TikTok өкілдерімен ақпарат, жастар, отбасы және азаматтық қоғамды дамыту бойынша креативті, заманауи әрі сапалы жобалар дайындауға келісті.

Сонымен қатар Дархан Қыдырәлі Анастасия Панинаға баспасөз хатшыларын оқыту, цифрлық сауаттылықты арттыру, әлеуметтік желіні тиімді қолдану тұрғысынан ортақ тренингтер ұйымдастыру жұмыстарына белсене араласуды ұсынды.

Жиын соңында министр TikTok өкілін жуырда өтетін Орталық Азия медиа форумына шақырды.

Т