Өнер • 27 Қазан, 2022

Ауыл суретшісінің галереясы

835 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Индер ауданының Бөдене ауылында Тілек Халин деген суретші тұрады. Мәскеудегі өнер институтында қашықтан білім алған. Бала күнінен қылқаламды серік еткен.

Ауыл суретшісінің галереясы

Қазір жасы жетпістен асты. Бірақ әлі де сурет салады. Оның жеке қорында 100-ден астам картина бар. Ауылдағы орта мектепте бейнелеу пәнінен дәріс берген суретші өлең де жазады. Осы кезге дейін бес кітабы жарық көрді.

Алты жыл бұрын өзі тұ­ратын ауылында галерея­сын ашып, оған 70-тен аса картинасын қойды. Сурет­шінің туындылары тек өз ауылына ғана емес, Түркия, Италия, Германия секілді шетелдерге та­ны­мал. Ал өзі кезінде Мәс­кеу­де өткен бүкілодақтық шы­­ғар­машылық конкурстың лауреаты атанған.

– Елордадан алыстағы елді мекендер ұлы дала­мыз­дың бір бөлшегі ғой. Мен­де алаңсыз жұ­мыс істей­тін жеке шебер­хана жоқ. Ұлы даламыз алып шеберхана се­кілді болып кө­рінеді, – дей­ді Ма­хамбет сый­лы­ғының лауреаты Тілек Халин.

Суретшінің арманы – қазақтың атын, өзі тұратын Бөдене ауы­лын әлемге таныту. Галереясын заң­дас­тырып, шаң басқан туындыларын жұртшылыққа кеңінен та­ныс­тырғысы келеді.

– Біздің ауылдың жанында үлкен тоғай бар. Суретші сол то­ғайды айнытпай бейнелеген кар­­тинасын «Талөткел» деп атаған. Галереяға келген сайын сол кар­тинаға қа­рап, суретшінің шебер­лігіне тамсанамын, – дейді ауыл тұр­ғыны Роза Сатаева.

п

нп

а

 

Атырау облысы

Соңғы жаңалықтар