Қазақстан • 28 Қазан, 2022

Әскердің беделін арттырар келісім

243 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Алматыдағы Республика сарайында Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықовтың жоғары оқу орындарының ректорларымен кездесуі өтті. Іс-шараға Бас әскери прокурор Дастан Секенов, Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек қатысты.

Әскердің беделін арттырар келісім

Қорғаныс ведомствосының басшысы қа­тысу­­шыларды Ұлттық мереке – Республика кү­ні­­мен құттықтады. Ол демократиялық әлеу­­­мет­тік құқықтық мемлекет құруды, тә­уел­­­­­сіз дамуды, оның аумағының бөлінбей­тін­­­­­­дігі мен қол сұғылмайтындығын жария­ла­­ған мем­­лекеттік егемендік туралы Декла­ра­­­ция­­ны қабылдаудың маңызды екенін атап өтті.

Мемлекеттілікті нығайтуға, жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеуге Қарулы Күштер мен білім беру мекемелері де өз үлестерін қосып келеді. Еліміздің Қорғаныс министрлігі мен жоғары оқу орын­дары­ның белгіленген мерзімде қызмет еткен әскери қызметшілерге тегін жо­ғары білім алу мүмкіндігін беру жөнін­дегі бірлескен жобасы да әскери қызметтің беделін арттыруға ықпал ететін болады.

– Аталған бастаманың жақсы жағы жетер­лік. Бұл студенттік ортада патрио­тизмді нығайтуға ықпал етері анық. Біріншіден, жоғары оқу орындарына өз­дерін жақсы жағынан көрсетіп, мұқият ірік­теуден өткендер келеді. Екіншіден, оқу орын­дарына баратындар – армия мек­тебі­нен өткен жас­тар. Мықты, төзімді, тәр­тіпті балалар сту­дент­­терге батылдық пен дербес­тік­тің үлгі­сі бо­лады, – деді ведом­ство­ бас­шысы, генерал-полковник Руслан Жақсылықов.

Елуден астам жоғары оқу орнының басшы­лары қол қойған келісімде ынтымақ­тастық бағыттары, сондай-ақ мерзімді әскери қызмет өткерген адамдарға тегін білім алу үшін жыл сайын бөлінетін орындардың саны айқындалған.

Келісімдер 2023 жылдан бастап күші­не ене­ді. Әскерде борышын өткерген азамат­тар­ға білім алу жеңілдіктерін беру әскери қыз­мет­ке деген ынтаны арттырары сөзсіз. Іс-шара Қор­ғаныс министрлігінің Орталық ансамб­лі дайындаған мерекелік концертпен аяқталды.