Әлем • 28 Қазан, 2022

Илон Маск Twitter-ді сатып алды

327 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әлеуметтік желінің бұрынғы басшылығы компаниядан кетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Илон Маск Twitter-ді сатып алды

CNBC хабарлағандай, Илон Маск Twitter-ді 44 миллиард долларға сатып алып, компанияның жетекшісі атанды.

Twitter бас директоры Параг Агравал және қаржы басшысы Нет Сегал компанияның Сан-Францискодағы штаб-пәтерінен кетті.

Бұған дейін Илон Маск Twitter қызметкерлерін қысқартуды жоспарламайтынын айтқан еді.