27 Мамыр, 2014

Ана мен бала үшін жақсы жағдай жасалған

490 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Ана мен баланың денсаулығы­ның жағдайы – қоғамның әл-ауқа­тының көрсеткіші. Еліміздің тұр­ғындарының үштен екі бөлігін 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер мен бала тууға қабілетті жас шамасындағы әйелдер құрайды. Сондықтан әйел­дердің репродуктивтілік денсау­лығын сақтау, ана болудың қауіпсіз негізі ретінде басым маңызға ие. Денсаулықты сақтаудың ұлттық сая­саты «Қазақстан-2050» Даму стратегиясына сәйкес облысымызда қабылданған «2050 жылға дейін тұрғындардың денсаулығын жақсарту стратегиясы» атты аумақ­тық бағдарламаның басым бағыты ана қауіпсіздігі мен отбасын жоспарлауға арналған. Жалпы денсаулық саласына жыл сайын қомақты қаржы бөлінеді. Салынатын медициналық нысандар да еселеп артуда. Тараз қалалық №7 емханасы жалпы саны – 11217 анаға, оның ішінде – 5543 репродуктивтілік жас шамасындағы әйелдерге және 6491 балаларға медициналық қыз­мет көрсетеді. Гинекология бөлім­шесінің меңгерушісі Т.Назарова, жоғары санатты акушер-гинеколог А.Масельбекова, педиатрия бөлімшесінің меңгерушісі Н.Васи­това, жоғары санатты дәрігер-педиатр Е.Калюжная және т.б. дәрігерлер көпбалалы, сондай-ақ жалғызілікті аналарға, әлеуметтік жағдайы нашар отбасыларға психологиялық-әлеуметтік көмек көрсетуде аянбай еңбек етуде. 2012 жыл мен 2013 жылғы мәліметтерді салыстырар болсақ, туу көрсеткіші 22,4 пайыздан 26,3 пайызға өскенін байқауға болады. №7 қалалық емханасында «Отбасын жоспарлау» бөлмесі жұмыс істейді, мұнда репродуктивтілік жас шамасындағы әйелдерге, жүкті әйелдерге, болашақ аналарға үнемі кең көлемде ақпараттандыру жұмыстары, дәрістер, оқу-жаттығулар жүргізіледі. Ал, «Дені сау бала» бөлмесінің мейірбикесі Н. Әбжапарова жас аналарға ана сүтінің маңыздылығы мен оның нәресте ағзасына пайдалылығы туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізіп отырады. Тегінде дүниеге дені сау баланы әкелу мен отбасының берік болуы – бұл өскелең қоғам дамуының басты кепілі. Динара СӘРСЕНОВА, №7 қалалық емхананың бас дәрігері. ТАРАЗ.
Соңғы жаңалықтар