Саясат • 31 Қазан, 2022

Шаһар жұртшылығымен жүздесу

238 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасы президенттігіне кандидат Қарақат Әбденнің Семей қаласындағы сайлауалды кездесуі әлеуметтік қызметкерлердің кәсіби мерекесімен тұспа-тұс келді.

Шаһар жұртшылығымен жүздесу

Қарақат Әбден үшін бұл мерекенің орны ерекше екендігі белгілі болды. «Мені президенттікке кандидат ретінде «Кәсіби әлеу­меттік қызметкерлердің ұлттық альянсы» ұсынған болатын. Әлеу­меттік қызметтің еліміз үшін қан­шалықты маңызды екенін жақсы білемін. Көп жағдайда әлеуметтік қызметкерлердің қиын жұмысы көпшілікке көрінбейді. Сондай-ақ бұл салада еңбек ететін жандардың 90% әйелдер қауымы құрайды. Жалпы, әлеуметтік қызметкерлердің жұмысына мемлекет тарапынан көбірек көңіл бөліну керек деп санаймын», деді Қ.Әбден.

Жиын барысында прези­денттікке үміткер өзінің сайлауалды бағдарламасын таныстырып, әлеуметтік саланы жетілдіруге, қарияларға арналған жеңілдіктерді көбейтуге қатысты сұрақтар мен ұсыныстарды талқылады.

Бұған дейін Қ.Әбден Павлодар қаласының сайлаушыларымен кездесу өткізген болатын. Кандидат ұстаздармен жүздесіп, білім беру саласындағы өзекті мәселелерге назар аударды. «Сту­денттер, білім алушы жастар – еліміздің болашағы, ал ұстаздар  – қоғамдағы орны ерекше тұлғалар. Сайлауалды бағдарламада бі­лім беру саласын жетілдіруге көп көңіл бөлінген. Әсіресе, білім алушылар үшін жоғары білімнің тегін болуы, олардың жатақханамен, инновациялық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілуі аса өзекті», деді кандидат.