Саясат • 31 Қазан, 2022

Көпбалалы аналармен кездесті

187 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасы президенттігіне кандидат Салтанат Тұрсынбекова елордалық көпбалалы аналармен кездесіп, өз құқығын қорғау бойынша түсіндірме берді.

Көпбалалы аналармен кездесті

Көпбалалы отбасылардың мәселелері бәріне белгілі: қиын қаржылық жағдай, баспана мәселесі, балаларды оқытуды ұйымдастыру, қарыз жүктемесі. Көпбалалы аналар кандидаттан осы және өзге де проблемаларды шешу жолдарын қарастыруды өтінді.

Салтанат Тұрсынбекова өзі­нің неліктен қоғамдық жұ­мыс­тарымен  белсенді түрде айналысып жүргенін түсіндірді. «Мен мемлекеттік органдардың қалай жұмыс істейтінін, қай тұстары ақсап тұратынын жақсы білемін. 5 жылдан бері ауылдарды, дағдарыс орталықтарын, отбасыларды қолдау үшін құ­рылған мекемелерді, Қарттар үйлерін, Балалар үйлерін, бас бостандығынан айырылған әйел­дерге арналған түрмелерді аралап жүрмін. Мен біздің әйел­дердің жасөспірімдерден бастап, қарттарына дейін не толғандыратынын жақсы бі­лемін. Олардың қалай өмір сүріп жатқанын көрген сайын әрқайсысы үшін жаным ауырады. Ал мен жағдайды, қазіргі статус-квоны өзгерткім келеді. Мен үшін қоғамымыздың ең осал топтарына – көпбалалы аналарға, толық емес отбасындағы ата-аналарға, мүгедектерге, ерекше қажеттіліктері бар бала­лар­дың аналарына және басқа да қолдауды қажет ететін азамат­тар­ға көмектесетін реформаларды жасағым келеді», деді С.Тұрсынбекова.