Саясат • 31 Қазан, 2022

Өндірісті дамыту маңызды

108 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасының президенттігіне кандидат Жигули Дайрабаев Ақтөбе облысына барды. Хромтау ауданындағы «Акмэз» ЖШС май экстракциялық зауытына арнайы соғып, өндіріс ошағының тыныс-тіршілігімен танысты.

Өндірісті дамыту маңызды

Май өнеркәсібі бүгінде өсім­дік майына деген сұра­ныс­тың артуына байланыс­ты агроөнеркәсіптік кешен­нің неғұрлым перспективалы және тез дамып келе жат­қан салаларының бірі болып табылады. Дайын өнім қазақ­стан­дық­тардың ғана емес, бүкіл әлем­дегі сатып алушылардың тұ­тыну қоржынында ерекше орын алады.

Кездесу барысында Жигули Дайрабаев саланы дамыту үшін қолға алынуға тиіс бас­та­маларға тоқталды. Оның айтуынша, бүгінде аграрлық салада тепе-теңдік жоқ. Кезінде ішкі өңдеуді дамыту үшін шектеулер енгізілген. «Май экспортына енгізілген кез-кел­ген шектеулерді алып тастау керек. Осылайша отандық зауыт­тар­дың өндірістік жүктемесі артып, бәсекелестік орнайды.  Сонымен қатар, күнбағыс тұқымдарының экспортын  өндіріс көлемінің 40% деңгейінде белгілеген дұрыс. Бұл шара май зауыттары мен экспорттаушылар арасында ақылға қонымды бәсекелестік құруға мүмкіндік беріп, сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға септігін тигізеді, өйткені кей жағдайларда квоталарды нақты май тұқымы жоқ компаниялар алып, үшінші компаниялар экспортқа жіберген. Өсімдік майы бағасының өсуіне байланысты май өңдеу саласында отандық өндірісті дамыту мәселесі өте өткір тұр», деді Ж.Дайрабаев.