Саясат • 31 Қазан, 2022

Орын тапшы

161 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы атынан президенттікке үміткер Нұрлан Әуесбаев Ақмола облысы Ақмол ауылында болып, ауыл тұрғындарымен кездесті.

Орын тапшы

Кандидат жиналған қауымды сайлауалды бағдарламасымен таныстырды. Өз сөзінде Нұрлан Әуесбаев мемлекет алдында тұрған басты мәселе – жем­қорлықпен күрес екенін атап өтті. Үміткердің пікірінше, ол үшін, ең алдымен саяси реформаларды жүзеге асыру керек және мәжілістің рөлін күшейту керек.

Ақмолдағы басты мәсе­лелердің бірі – дамыған әлеуметтік инфрақұрылымның жоқтығы. Атап айтқанда, ауыл мектебінде оқушыларға орын тапшы. Ақмолдағы бала саны ескі мектептегі орын санынан әлдеқайда көп. Сонымен қатар тұрғындар балабақша салуды сұрайды. Бұл ретте Нұрлан Әуесбаев өзінің сайлауалды бағдарламасында әлеуметтік саясатқа ерекше көңіл бөлінгенін атап өтті.

Үміткер білім беру саласы мемлекет тарапынан айрықша назарды талап ететінін айтты. Медицина және білім беру салаларына ЖІӨ-ден жылына ең кемі 5-7%-ды бөлуді ұсынды. Жалпыұлттық социал-демократиялық партия өкілі мұндай шара дәрігерлер мен мұғалімдер еңбекақысының банк қызметкерлері деңгейіне дейін көтеруге мүмкіндік беретіндігін айтты. «Мұның маңызы зор, себебі, аталмыш мамандар адами капиталдың сапасына жауап береді, ал бұл өз кезегінде отандық экономиканы дамыту үшін негізгі талап болып саналады». деді ол.