Саясат • 31 Қазан, 2022

Жолдау жүктеген міндеттер

91 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің депутаттары Түркістан облысында көшпелі отырыс өткізіп, бірқатар әлеуметтік және стратегиялық маңызды нысанды аралады.

Жолдау жүктеген міндеттер

Бұл отырыс Президенттің Қазақстан халқына «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» Жолдауын жүзеге асыру аясында ұйымдастырылды. Сенаторлар сапар барысында өңірдегі білім, денсаулық сақтау және еңбекті дамыту мәселелерін талқылады.

«Комитеттің Түркістан облысына бару сапарының мақсаты – аймақта болу және осы салалардағы өзекті мәселелермен танысу. Жалпы, кездесулердің бәрі пайдалы болды. Олардың нәтижелері мен қорытындылары алдағы уақытта тиісті заң жобаларын қарау кезінде және комитет жұмысы барысында пайдаланылатын болады», деді комитет төрағасы Нариман Төреғалиев.

Сенаторлар сапар аясында «Отырар» мемлекеттік археологиялық музей-қорығында болып, мекеменің ғылы­ми-ағартушылық қызметінің жүзеге асырылу барысымен танысты және музей ұжымымен әңгімелесті.

Парламентшілер оқушылар сарайында да болып, оқушылармен кездесті. Депутаттар жиынға қатысушыларға Сенаттың заң шығару қызметі туралы айтып берді және еліміздегі білім саласын дамытудың маңызы туралы жан-жақты әңгімеледі.

Сенаторлар, сонымен қатар облыс және қала мәслихат­тарының депутаттарымен, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар өкілдерімен кездесті.