31 қазанда Астанада көктайғақ болады.
Абай облысының солтүстігінде, батысында-тұман, көктайғақ күтіледі.
Түнде Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында, күндіз батысында көктайғақ, тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғып, 15-20 м/с дейін жетеді.
Түнде Ақтөбе облысының солтүстік-шығысында-көктайғақ, төменгі боран болады. Облыстың орталығында жел соғып, екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.
Атырау облысының басым бөлігінде оңтүстік-батыстан жел соғып, екпіні 15-20 м/с болады деп күтілуде.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында-тұман, көктайғақ болады.
Түнде және таңертең Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман күтіледі. Облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с дейін жел соғады.
Жетісу облысының таулы аудандарында тұман күтіледі.
Батыс Қазақстан облысының басым бөлігінде, күндіз шығысында, оңтүстік-шығысында қатты жел болады деп күтіледі.
Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ, төменгі боран болады.
Қызылорда облысында оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан жел соғып 15-20 м/с дейін жетеді.
Батыста, Маңғыстау облысының орталығында тұман болады. Солтүстік-батысқа ауысатын жел 15-20 м/с дейін жетеді.
Павлодар облысының оңтүстігінде, шығысында көктайғақ күтіледі.
Түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында тұман күтіледі.