27 Мамыр, 2014

Оң ұмтылыс қашанда қолдауға лайық

249 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
2014 жылғы 25 мамырдағы Украина президентін мерзімінен бұрын сайлау нәтижесіне қатысты Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі мәлімдеме жасады, деп хабарлады осы ведомствоның баспасөз қызметі. Қазақстанда ЕҚЫҰ және басқа да халықаралық ұйым­дар тарапынан бақылау мен ел азаматтарының еркін біл­ді­руін қамтамасыз еткен Украина президенті сайлауын өткізуді құптайды. Бұл дауыс беру Украинадағы ахуалдың тұрақтануы жолында маңызды қадам болады деп есептейді. Қазақстан осы өткен сайлау жалғасып жатқан конс­титуциялық реформалар, Украинадағы бей­бітшілік пен келісімді нығайту шеңберінде жалпыұлттық диа­логтың дамуына мүмкіндік бере­тініне және елдің барлық сая­си күштері мен өңірлерінің мүд­­­де­лерін есепке алатынына сенеді. Біз Украина халқының таң­дауына құрметпен қараймыз және саяси тұрақтылықты, қоғам бірлестігін, Украинаның одан әрі экономикалық және демо­кра­тиялық дамуын ны­ғай­туға ба­ғытталған әлемдік қоғамдастық ұмты­лысын дәйекті түрде қолдап отырамыз, делінген мәлімдемеде.