«Мүлкі тәркіленіп, мемлекеттік лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 7 жылға бас бостандығынан айыру тағайындалсын. Мерзімді өтеу орташа қауіпсіздік мекемесінде анықталсын. Сондай-ақ, Хаменова «Құрмет» орденінен айырылсын. Хаменованы қамауда ұстау уақытына қарай жаза мерзімі 1,5 күн үшін 1 күн есебінен қамауда ұсталсын. Сотталушының кәмелетке толмаған балалары болуына байланысты жазаны үш жылға дейін кейінге қалдыруды сұраймын» деді прокурор Лаура Асанова.
Сондай-ақ, прокурор облыстық мәдениет басқармасының бұрынғы басшысы Ақылбек Рысқалиевке орта қауіпсіздік мекемесінде 7 жыл бас бостандығынан айыруды сұрады. Ал, пара берді деп күдікке ілінген Адамовқа орташа қауіпсіздік мекемесінде 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасын ұсынды.
Еске салайық, 2021 жылдың 10 желтоқсанда Хаменованың сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар деген күдікпен ұсталған еді. Оған Абай ескерткішін орнатуға 145 миллион теңгеге тендерден қайтарып алу ретінде 4,5 миллион теңге көлемінде пара алды деген айып тағылды.
Ал сол жылдың 23 желтоқсанында шенеунік үйқамағынан уақытша ұстау изоляторына ауыстырылды.