Ғылым • 31 Қазан, 2022

«I-Ybray» жобасы аясында жаңа IT сынып ашылды

428 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Үркер ауылында «I-Ybray, өз болашағыңды бағдарламала» әлеуметтік жобасы аясында балалардың бағдарламалау және цифрлық құзыреттіліктерін дамыту мақсатында ІТ сынып ашылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«I-Ybray» жобасы аясында жаңа IT сынып ашылды

IT бағдарламалау сыныбы Үркер ауылындағы Кемел Ақышев атындағы №69 мектеп-гимназиясында жұмыс істейді.

Үркер ауылы - 30 мыңнан астам тұрғыны бар Астанадан 14,8 шақырым жерде орналасқан.

«I-Ybray, болашағыңды бағдарла» жобасы негізінен қалалар мен моноқалаларда тұратын 10 мен 16 жас аралығындағы балаларды оқытуға бағытталған. Жоба аясында балалар тегін оқиды. Жылына 100-ден 300-ге дейін баланы оқыту жоспарланып отыр.  

Оқуды бітіргеннен кейін 14 пен 16 жас аралығындағы балалар Python бағдарламалау курстарын аяқтағаннан кейін сұранысқа ие құзыреттіліктерді алумен қатар, IT компанияларда жұмыс істей алады. Ал 10 мен 14 жас аралығындағы балалар кәсіптік бағдар алып, цифрлық дағдыларын жетілдіреді, бұл болашақта IT мамандығын таңдамаса да, болашақтың цифрлық экономикасының білікті маманы болуға мүмкіндік береді.

Үркер ауылында бағдарламалау сыныбының ашылуы «Цифрлық трансформация» қоғамдық қоры, «Logicom» АҚ және «Шаг» компьютерлік академиясының белсенді атсалысуымен жасалды.

«Қазақстанда 2022 жылдың бірінші жартыжылдығында орташа жалақы 387 мың теңгені құрады. 2019 жылға қарай жалақы өсімі 60%-ды құрады. Екінші жағынан, орташадан жоғары жалақысы бар IT мамандарына тұрақты сұраныс болғандықтан, біз NEET жастарының санының өсіп жатқанын көреміз. Егер Қазақстанда жастар елдегі жалпы халықтың 20%-ға жуығын құраса, олардың 6,9%-ы NEET санатына енген.

Бұл 15 пен 29 жас аралығындағы 255 мыңнан астам адам. Қазақстан экономикасын цифрландыру үшін кадр тапшылығы мәселесін шешу үшін мектеп жасындағы балаларды бағдарламалау негіздеріне және цифрлық құзыреттіліктерге жаппай оқыту қажет. Біз бұл мәселені тегін IT-бағдарламалау сабақтарын құру бойынша әлеуметтік жобаның бір бөлігі ретінде шешіп жатырмыз.  2017-2022 жылдар аралығында бүкіл ел бойынша 25 мыңнан астам бала оқытылды. «I-Ybray» жобасы жастарға жаңа цифрлық әлемде өзін-өзі жүзеге асыру және қаржылық тұрақтылық мүмкіндіктерін көрсетеді»,  деді «Цифрлық трансформация» қоғамдық қорының жетекшісі Азиза Шөжеева.