Қазір маусымдық аурулар кезеңі жүріп жатыр. 29 қыркүйектен басталған ЖРВИ мен тұмаудың ағымдағы эпидемиялық маусымында Астана қаласының тұрғындары арасында ЖРВИ-мен 7 мыңға жуық адам ауырғаны, оның 4 мыңнан астамы 14 жасқа дейінгі балалар екені анықталған.
Тұмау кезінде балалар, қарт адамдар, сондай-ақ жүрек пен өкпенің созылмалы ауруларына шалдыққан адамдар үлкен қатерде болады. Тұмау, әсіресе, жоғары қауіп тобындағы адамдар сырқатының асқынуына, тіпті өміріне қауіп төндіруіне әсер ететінін ұмытпауымыз керек», деді Б.Қайкенов.
Оның айтуынша, елордада жүкті әйелдер арасында осы ай бойынша ЖРВИ мен тұмаудың 542 жағдайы тіркелген. Тәулігіне 18 өтініш келіп түссе, оның 3-еуі ауруханаға жатқызылған. 15 жүкті әйел амбулаториялық бақылауда.
«Қазіргі уақытта Астанада ЖРВИ-мен сырқаттанушылық өсті. Біз оны ауруханаға жатқызылған жүкті әйелдер мен балалардың санынан байқап отырмыз. Егер қыркүйек айының соңында ауруханаға күніне 3-4 әйел түссе, қазір орташа ауыр жағдайы бар 14-тен 16-ға дейін жүкті әйел ауруханаға жатқызылады. Тыныс алу жеткіліксіздігі мен пневмонияның белгілері байқалмайды. Барлық пациент COVID-19 тестін тапсырды, олардың арасында індет жұқтырғандар жоқ», деп атап өтті басқарма басшысының орынбасары.