Аймақтар • 31 Қазан, 2022

Шығармашылықтың ақ желкені

255 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Шымкенттегі Жастар ре­сурс­­тық орта­лығында Рес­­публика күніне орай Қазақ­стан халқы Ассам­блеясының «Қайырымдылық керуені» атты рес­публикалық форумы мен гала-концерті өтті.

Шығармашылықтың ақ желкені

Аталған іс-шара Қазақстан халқы Ассамблеясы, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Қоғамдық келісім» РММ және Шымкент қаласы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылды.

Форум жыл сайын балалар шығар­машылығын дамыту, мүм­кін­дігі шектеулі балалардың же­тістіктерін паш ету, тұлға ре­­тін­­де қалыптастыру және қазіргі қо­­ғамға, әлеуметтік ортаға бейім­деу мақ­сатында қолға алынады.

Жиында тірек-қимыл аппараты бұзылған, көру, есту қабілеті нашар және түрлі жанрларда шы­ғармашылықпен айналысатын балалар (аспаптық музыка, ха­лықтық, академиялық, эстра­да­лық жеке ән айту, автор­лық ән, поэзия, көркемсөз, ерекше жанр, пантомима, хореография, бейнелеу және сәндік-қолданбалы өнер) мен балалар ұжымдары өнер көрсетті.

Іс-шараға өңірлерден келген арнайы делегациялар, Шым­ке­нт қаласының депутаттары ­мен кәсіпкерлері, меценаттар, қайырымдылық ұйымдары мен қорлар, Қазақстан халқы Ассам­блеясының мүше­лері, этно­мә­дени бірлестік өкілдері, үкі­мет­тік емес ұйымдар, еріктілер қоз­­ға­лысының көшбасшылары қа­тысты.

Сонымен бірге форум Қазақ­стан Республикасы Прези­дентінің 2022 жылғы 15 қыркүйектегі №1014 Жарлығымен бекітіл­ген Қазақстан халқы Ассам­блея­сының 2022-2026 жылдарға арналған даму тұжырымдамасын жү­зеге асыру жөніндегі іс-қимыл жос­парының 8.1 тармағын іске асыру мақсатында және Бала­лар жылы шеңберінде ұйым­дас­ты­рыл­ды.

Жиын бағдарламасының аясында жүзге жуық бала Шымкент қаласының көрікті жерлерін аралап, хайуанаттар бағын тамашалады.

Өз кезегінде қаламыздағы этно­мәдени бірлестіктер бала­қай­­ларға көтеріңкі көңіл күй сый­лау­ға атсалысып, өз тарапынан кәдесыйларын табыстады.

– Қазақстан халқы Ассамблея­сы­ның ұйытқы болуымен өтіп жат­қан игі шараның басты мақсаты – мүмкіндігі шектеулі балалардың шығармашылығын қолдау арқылы жас буынды да­мы­ту мен тәрбиелеу. Халқы­мыз­дың «Кең болсаң, кем болмайсың» дейтін нақыл сөзін бойына сіңірген этнобірлестіктер қайырымдылық көрсетуді өзде­рі­не азаматтық парыз деп бі­ліп, мұқтаж жандарға әрда­йым қолұшын созып келеді. Қа­йы­рымдылық сынды қасиетті құндылықты дәріптеуді көздеген «Қа­йырымдылық керуені» форумы – қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің басты факторы ретінде қоғамда мейі­рім­ділік пен өзара риясыз көмек жасауға ықпалдасуды абыроймен ат­қарып келеді. «Кең пейілді кемімес, тар пейілді кеңімес» деген қанатты сөзбен бүгінгі фо­румға атсалысқандарға шынайы алғыс айтамын. Ел игілігі жолындағы жұмыстарыңызға табыс, отбасыларыңызға бақ-бе­ре­ке, амандық тілеймін! – деді Шымкент қаласының ішкі сая­сат және жастар істері жө­нін­де­гі басқармасының басшысы М.Шотанов.

Жалпы, мегаполисте ел бір­лі­гін арттыру, шаһарды риясыз достық мекеніне айналдыру ба­ғы­тында Ассамблея жанын­да­ғы қоғамдық құрылымдар мен 17 этномәдени бірлестік мүшелері аянбай еңбек етіп келеді.

Сонымен қатар Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассам­блея­сы мүшелері қайы­рым­ды істер жасауда көш бастап тұр. Қазіргі таңда сауапты іс Ассам­б­лея жұмысының бір бағы­ты болып қалыптасты. Бұған дә­лел ретінде кешегі Қостанай облысындағы өрт салдарынан туындаған жағдайға байланысты шымкенттік Ассамблея мүшелері тарапынан 2 млн 265 мың тең­ге­ көлемінде гуманитарлық көмек көр­­сетілгенін, жалпы жыл басы­нан бері ҚХА 8,7 млн теңге мөлшерінде қа­йы­рым­дылық іс жасағанын атап өткен жөн.

Қалалық Ассамблея жанын­да­ғы кәсіпкерлер қауым­дас­тығы биыл ІІІ тоқсанның өзінде «Мек­тепке жол» акция­сы аясында 150 оқушыны қажетті оқу-құралдармен, киім-кешекпен қамтамасыз етті.

Бұдан бөлек, Қазақстан халқы Ассамблея мүшелері түрлі қа­йы­­рым­­ды­лық іс-шаралардан, көп­балалы және жалғыз басты ана­ларды, мүмкіндігі шектеулі балаларды өмірге икемдеу, көмек көрсету сияқты игі істерден шет қалмауда.

 

ШЫМКЕНТ