
Қарағанды облысының кәсіпкерлерімен әңгімелесу кезінде штаб мүшелері кандидаттың сайлауалды бағдарламасында көрініс тапқан ұлттық экономиканы дамыту және жеке бизнесті ынталандыру жөніндегі басымдықтарды талқылады.
Республикалық қоғамдық штабтың басшысы Ерлан Қошанов құрамына белгілі қоғам қайраткерлері, Парламент Мәжілісінің депутаттары, сарапшылар, журналистер кіретін РҚШ мүшелері өңірлерде кандидаттың сайлауалды бағдарламасының негізгі ережелерін түсіндіріп, іс-шараларды белсенді өткізіп жатқанын атап өтті. Үгіт-насихат науқанының алғашқы күндері ел аумағында 5 мыңнан астам үгіт-насихат іс-шарасы ұйымдастырылған.
Өз кезегінде Республикалық қоғамдық штабтың мүшесі Тоқтар Әубәкіров 20 қарашада азаматтарымызды дауыс беруге шақырды. «Бұл таңдау еліміздің алдағы жеті жылдағы даму бағытын айқындайды. Барша қазақстандықтардың азаматтық белсенділік танытып, сайлау учаскелеріне келгені маңызды», деді ол.
Сондай-ақ штаб мүшелері Е.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің студенттері және оқытушы-профессорлар құрамымен кездесіп, Қасым-Жомарт Тоқаевтың жастарға және білім беруге қатысты саясатына баса назар аударды.