
Конференция кезінде сенімді тұлғалар өңірлердегі штаб жұмыстары туралы есеп берді. Онлайн-кездесу барысында сайлау науқанының барысы мен кандидаттың жоспарланған сапарларына қатысты бірқатар мәселе көтерілді.
Күннің екінші жартысында М.Қажыкен кәсіподақтар мен бизнес-қоғамдастық өкілдерімен кездесті. Дөңгелек үстел барысында қатысушылар әлеуметтік әріптестік, еңбек және әлеуметтік қатынастарды реттеу тақырыптарын талқылады. Тараптар бүгінгі таңда үш қатысушы – Үкімет, жұмыс берушілер мен кәсіподақтар бірлестіктері қол қоятын басты келісім, қызметкерлердің мүдделерін жеткілікті деңгейде қорғауды қамтамасыз етпейтінін мәлімдеді. М.Қажыкеннің айтуынша, әлеуметтік әріптестік – азаматтық қоғам факторларының бірі. «Әлемдік тәжірибеде екі тарап – жұмыс беруші мен қызметкердің пікірлері бір жерден шықпаса, онда талқылау барысында олар өзара тиімді шешімдерге қол жеткізе алмайды. Осыдан соң олар заң жүзінде, белгілі бір нормалар мен ережелерді қабылдау үшін мемлекетке тең серіктес ретінде көмекке жүгінеді. Бұл біз алдағы уақытта қол жеткізетін, тараптардың қарым-қатынасының жаңа форматы болмақ», деді ол.