
Үміткер бәріне үлгеріп, табыс тауып, бала өсіріп, салт-дәстүрді сақтап, ірі кәсіпорынның жүгін көтеріп жүрген әйелдерді мақтан тұтатынын атап өтті.
– «Гауһар» – оңтүстіктегі жеңіл өнеркәсіптің флагманы. Мұнда жұмыс киімі, мектеп формасы мен тоқыма бұйымдары әдемі әрі сапалы тігіледі. «Қазақстанда жасалған» деп мақтанышпен айта алатын өнімнің қалай жасалып жатқанын көру көңілге қуаныш сыйлайды. Осындай ірі әрі танымал кәсіпорынды әйел адам басқарып отырғаны, тіпті үлкен мақтаныш. Көпшілік әйелдің табысты көшбасшы бола алатынына сенбейді. Бірақ мен сенемін! Әйелдің қолынан бәрі келеді: зауытты да, үлкен ұжымдарды да, тіпті бүкіл елді де басқара алады. Әйел-ана бір қолымен бала тербетсе, бір қолымен әлемді тербетеді», деді С.Тұрсынбекова.
Кәсіпорын басшысы Әнипа Халбаева ұжымды кандидатты қолдауға шақырды. «Әйелдердің Президент болуға құқығы бар!» деді ол.
Сондай-ақ фабрика басшылығы кәсіпорынның салықтың көптігі, білікті кадрлардың тапшылығы, тұрақсыз сала және арнайы оқу орындарының жетіспеушілігі сияқты мәселелерге тоқталды. Кейін ашық әңгіме барысында тігіншілер ұсыныстары мен сауалдарын ортаға тастады. Әйелдер қазақстандықтардың табыс теңсіздігіне алаңдайтыны туралы айтты.